← D7.kz · Қазақша · Русский · 中文
Құпиялылық саясаты
Соңғы жаңарту: 2026-10-25
Оператор
—. Байланыс: —.
Қандай дерек жиналады
Google арқылы кірсеңіз — email мен атыңыз, WhatsApp арқылы кірсеңіз — телефон нөміріңіз (кіру үшін), тариф пен төлем күйі, кіру кезіндегі IP мекенжай мен браузер атауы (қауіпсіздік ескертуі үшін), тегін нұсқада — IP мекенжайдың хэші (шектеу үшін). Сіз талдаған нөмірлер мен туған күн тек есептеу үшін қолданылады.
Туған күн
Туған күніңіз, уақытыңыз бен жынысыңыз Бацзы картасын және нөмірдің Сізге сай-сайма екенін есептеу үшін ғана керек. Кірмеген болсаңыз, олар тек өз браузеріңізде сақталады. Кірген болсаңыз, аккаунтыңызға (дерекқорға) сақталады — басқа құрылғыда қайта енгізбеу үшін; сақталған нөмірлеріңіз де солай. Бұл деректер үшінші тарапқа берілмейді және жарнамаға қолданылмайды. ЖИ чатында сұрақ қойсаңыз, туған күннен есептелген карта мәліметтері сұрағыңызбен бірге ЖИ провайдеріне жіберілуі мүмкін. Профиль бетіндегі «Деректерімді өшіру» батырмасы туған күн мәліметтері мен сақталған нөмірлерді бірден толық өшіреді.
Google арқылы кіргенде Google бізге тек email-іңізді, атыңызды және аккаунттың тұрақты идентификаторын береді. Құпиясөзіңіз бізге келмейді.
Кіру хабарлары Meta Platforms компаниясының WhatsApp Cloud API қызметі арқылы жіберіледі. Оның серверлері Қазақстаннан тыс жерде орналасқан, сондықтан нөміріңіз шекара арқылы беріледі. Кіру арқылы сіз осыған келісесіз.
Төлем
Төлемді Qut Pay (Kaspi) өңдейді. Карта деректері бізге келмейді. Тарифтер, бағалар мен мерзімдер — жария офертада (/offer).
Бизнес өтінімі
«Бизнес» тарифіне өтінім берсеңіз, компания атауы, саласы, байланыс телефоны не email-і және (көрсетсеңіз) қазіргі нөмір тапсырысты орындау үшін сақталады; оларды тек тапсырысты орындайтын маман көреді. Дайын PDF қорытынды дерекқорда сақталады және оны тек өтінім берген аккаунт жүктей алады. Бұл деректер жарнамаға қолданылмайды және үшінші тарапқа берілмейді.
ЖИ чаты
Чатқа жазған сұрағыңыз жауап алу үшін ЖИ провайдеріне (Anthropic, OpenAI не DeepSeek) жіберіледі.
Статистика және жарнама
Сайтты жақсарту үшін жасырын статистика жинаймыз: қай бетке кірдіңіз, нөмір енгізе бастадыңыз ба, талдау нәтижесін көрдіңіз бе, бетте қанша уақыт болдыңыз және қай жарнамадан келдіңіз (utm белгісі). Бұл жазбаларда нөмірдің цифрлары, ЖСН, туған күн, IP мекенжай жоқ — тек браузер қойындысының кездейсоқ белгісі; олар 180 күннен кейін өшіріледі. Meta (Facebook/Instagram) жарнамасынан келсеңіз, жарнаманың тиімділігін өлшеу үшін сол әрекеттер туралы хабар (оқиға аты, беттің мекенжайы сұрау жолынсыз, IP мекенжай, браузер атауы және жарнама белгісі) Meta Platforms-қа жіберіледі. Тексерген нөміріңіз бен туған күніңіз Meta-ға жіберілмейді.
Сақтау мерзімі
Аккаунт деректері аккаунт жойылғанша сақталады. Кіру әрекеттерінің жазбалары мен IP хэштері қысқа мерзімде өшіріледі, статистика — 180 күннен кейін.
Сіздің құқығыңыз
Деректеріңізді көруді, түзетуді не аккаунтты жоюды жоғарыдағы байланыс арқылы сұрай аласыз.